Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Uber-дің жағдайы қиын, бірақ Қазақстанға келеді

Uber-дің жағдайы қиын, бірақ Қазақстанға келеді
Қазақстанға Uber келеді екен деген сыбыс шыққалы жылға жуықтады. Былтыр тамыз айында БАҚ-да Uber Алматыдан бас менеджер мен операциялар және логистика жөніндегі менеджер іздеп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде барлығы демек жақын арада Алматыда іске қосылады деп болжаған болатын. Бұдан кейін сыбыс саябырсығандай болған, биылғы сәуірде Алматыға аталған компанияның өкілдері келіп ІТ қауымдастық өкілдерімен, Әсет Исекешовпен кездескені туралы  туралы жаңалық тарады. Искешов басқаратын Инвестиция және даму министрлігі Uber Алматы мен Астана қалаларында іске қосылатыны туралы хабарлады. Жақында Астанада #‎UberСүйінші атты шара өтіп, Uber-дің Қазақстанға келетіні тағы бір нақтыланды. Бірақ, әлі нақты қашан келетіні әлі белгісіз. Алдағы екі-үш ай дайындық, жарты жылда толықтай іске қосылуы мүмкін дейді бұл туралы жазған блогшылар. Тіпті әлеуметтік желіде баға туралы ақпараттар пайда болды. [caption id="attachment_45018" align="alignnone" width="480"]Сурет Yerlan Sakenov-тің Facebook парақшасынан алынды Сурет Yerlan Sakenov-тің Facebook парақшасынан алынды[/caption] Кейбір блогшылар Uber-ден алдын-ала сыйлық алып жатқаны туралы да жаза бастады. [caption id="attachment_45019" align="alignnone" width="360"]Сурет Өркен Кенжебектің Facebook парақшасынан алынды Сурет Өркен Кенжебектің Facebook парақшасынан алынды[/caption] Айтпақшы Uber такси қызметін ұсынатын ІТ компания. Оның қосымшасын ұялы телефонға жүктеп, қосымшаған ұялы телефон мен банктік картаны тіркейсіз. Маршрутты таңдап, өтініш жібересіз. Жол құнын көрсетеді. Келіссеңіз жүргізушінің келіп тұрғаны туралы ақпарат аласыз. Қажетті жерге жетесіз. Жолақыны картаңыздан автоматты түрде шешіп алады. Электронды поштаңызға жолсапар туралы ақпарат келеді. Автокөлігіңіз болса жүйеге қызмет көрсетуші ретінде тіркеліп, қызмет ұсынсаңыз болады. Бұл үшін 6-7 жыл көлемінде шыққан көлігіңіз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуыңыз керек. Тамаша қызмет қой.
Аталған такси қызметі 2009 жылы Сан-Францискода іске қосылған. Бүгінде 70 мемлекеттің 400 қаласында жұмыс істейді. Бұрынғы КСРО құрамындағы елдердің ішінде Ресей, Әзірбайжан, Белоруссияда бар. 2015 жылдың желтоқсанында ұялы қосымша арқылы миллиардыншы жолаушы сапарға шыққан. Платформаны көмегіне күн сайын 70 млн жолаушы жүгінеді.
Алайда біз мұнда Uber келеді деп қуанып жатқанда, insider.pro сайты «Apple Uber-ді сатып алуы керек» деген мақала жариялады. Ол жерде экономикалық шолушы  Мэттью Деборд  мақтаулы жобаның бірқатар қиындықтары барын айтады. «Компанияның ары қарай дамуы үшін инвестор тапшылығы байқалуда. Бұған дейін салынған инвестициялар құмға құйған судай жұмсалуда. Еуропадағы бизнесі онша табысты болмай тұр. Ал Америкалық бәсекелестері ірі автоөндірушілермен одақтаса бастаған. Ал Қытайдағы жағдайы қандай болары белгісіз. Uber-дің ең басты қауіпті тұсы ол әлі толыққанды табыс табуға кіріспеген. Яғни қазірге дейін шығынмен жұмыс істеуде. Тіпті Uber-дің банкрот болуына бірнеше апта ғана қалған кезі болған. Егер жаңа инвесторлар болмағанда бұл компанияның жағдайы қиын болатын еді. Алайда бұған қарамастан компания бүкіл әлемдік нарықты жаулап алу үшін жанталасуда. Мұнысы сәтсіз де емес. Ол АҚШ-та басты ойыншы. Алайда жаңа инвестиция тартпаса болмаса кейбір аймақтардағы  жобаларын тоқтатуы да мүмкін. Алайда толассыз инвестиция тарту тағы мүмкін емес, компанияның әзірге ІРО-ға шыққысы жоқ. Жоба табысты жүзеге асуы үшін сату ғана қалады.Алайда Apple-ден басқа инвестиция салатын ірі компания жоқ. Айтпақшы Uber-дің нарықтағы жалпы бағасы 62,5 млрддан 80 млрд долларға дейін барады. Мұндай компанияны сатып алуға автонарықтағы ірі ойыншылардың ешқайсысының шамасы келмейді. Мысалы: Tesla капиталы (NASDAQ: TSLA) — 30 млрд, General Motors (NYSE: GM) — 46 млрд, а Ford (NYSE: F) — 52 млрд доллар. 200 млрд доллары бар Apple-дің ғана мұндай жобаны түгелімен сатып алуға мүмкіндігі бар.  Оның үстіне Uber клиенттерінің көпшілігі iPhone қолданушылары әрі Apple жүргізушісіз басқарылатын көлік шығару жобасын қолға алуда. Әзірге табыссыз. Егер табысты болған жағдайда Apple мен Uber-дің біріккен жобасын жасау аса табысты болар еді. Оның үстіне Uber банкрот болса бүкіл технологиялық салаға ісері тиеді. Оның ішінде Apple де сыртта қалмайды.Сондықтан ол  Uber-ді құтқаруы керек» дейді шолушы.    

Похожие материалы