Экономика
Uber IPO жасайды
Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – Таксиді немесе жеке жүргізушілерді іздеу, шақыру және төлеуге арналған мобильді қосымшаны жасаған американдық халықаралық компания - Uber Technologies Inc бастапқы акцияларды алдын ала тіркеуге (IPO) өтінім берді.
Бұдан бұрын IPO-ға алдын ала тіркеуге Uber-дің АҚШ-тағы такси қызметі бойынша мобильді қосымшалар нарығындағы басты бәсекелесі Lyft Inc компаниясы өтініш берген. Оның акцияларды орналастыру көлемі мен жоспарланған IPO-ның баға диапазоны әзірге анықталған жоқ.
WSJ мәліметтері бойынша, Uber-ді инвесторлар 120 млрд доллар бағалауы мүмкін. Ал, Bloomberg хабарлауынша, Lyft-тің бағасы 18 млрд-тан 30 млрд долларға дейін құрайды.
Uber Трэвис Каланик және Гаррет Кэмп бастамасымен 2009 жылы құрылды, сол жылдың жазында осы аттас қосымша шығарылды. Сервис қызметтері 65 елде, 600-ден астам қалада қолжетімді.