Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Uber мен InDriver сервистерінің әрекеті заңмен реттеледі

Uber мен InDriver сервистерінің әрекеті заңмен реттеледі

Астана. 9 ақпан. 7kun.kz - Инвестиция және даму министрлігі заң жобасына такси шақырудың электронды сервистеріне қатысты талаптар енгізуді ұсынды. Ведомство құрастырған "Қазақстан Республикасының транспорт мәселелері туралы заңдық актілеріне кейбір өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы" заң жобасында осындай нормалар бар. 

"Таксидің жолаушылар мен жүк тасымалдауына қатысты да арнайы шаралар қарастырылған. Қазіргі уақытта интернет-ресурстарда таксиді онлайн-шақыртуға арналған қосымшалар бар. Біздің ойымызша, ондай мобильді қосымшаларды пайдаланатын жолаушылардың қауіптенетін жағдайлары да кездеседі. Такси жүргізушілері медициналық тексеруден өтпеген, сақтандырулары жоқ және тағы да басқа қателіктері бар. Яғни такси шақыртатын онлайн-сервистер заңсыз кәсіпке жол берумен қатар, (жолаушыларға - ред.) зиян тигізуі де мүмкін. Осыған байланысты таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметін реттеу ұсынылып отыр", - деді инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта интернет және мобильді қосымша арқылы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметтің лицензиясы жоқ және жолаушылар үшін қауіпсіз болмауы мүмкін.

"Такси жүргізушісінің 21-ге толмауы, транспорт құралының сақтандырылмауы және басқа да қателіктер бар. Сондықтан интернет арқылы жұмыс істейтін такси қызметіне реттегіміз келеді. Ондай қызмет ұсынушылар жүргізушілеріне біз бекіткен талаптарды қоюы қажет", - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, ешкім халықаралық компаниялардың әрекетін шектеуді көздеп отырған жоқ. Таксидің электронды сервистері кәдімгі такси қызметіне қойылатын талаптарды орындауы қажет дейді Роман Скляр.

Похожие материалы