Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Uber мен «Яндекс.Такси» бизнесін біріктіреді

Uber мен «Яндекс.Такси» бизнесін біріктіреді

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz – Uber мен «Яндекс.Такси» Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусия мен Грузия елдерінде қызмет түрлерін біріктіреді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Яндекс.Такси» басшысы Тигран Худавердянның айтуынша, такси қызметін қолданушыларда өзгеріс болмайды. Таксиді Uber және «Яндекс.Такси» қосымшасы арқылы шақыра аласыз. Ал жүргізушілер бір платформаға біріктіріледі.

Жаңа компанияға «Яндекс.Такси» - 100 млн доллар, Uber  225 млн доллар инвестиция құйып отыр.

Айта кетейік, компанияның жалпы бағасы 3,7 млрд долларды құрайды. «Яндекс.Такси»- 59 пайызына, Uber - 36,6 пайызына ие. 4,1 пайызы компанияның қызметкерлеріне тиісті болады.

Похожие материалы