Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әуе билетін арзан сатып алуға көмектесетін 7 кеңес

Әуе билетін арзан сатып алуға көмектесетін 7 кеңес

Демалыс уақыты басталған кезде көпшілігі шетелге саяхаттауды жоспарлайды. Алайда демалыс мерзімі кезінде тур билеттері қымбатап кететіні белгілі, ал қымбат бағаны кейбірінің қалтасы көтермейді. Ал егер саяхаттауды қатты қаласаңыз және оған қаражатыңыз жеткіліксіз болса не істеуге болады? 7kun.kz назарларыңызға арзан әуе билеттерін қалай сатып алуға болатыны туралы кеңестер ұсынады.

  1. Билетті арнайы іздеу жүйелерінен қарау

Біріншіден  арзан әуе билеттерді сатып алуға болатын сайттарды іздеп көру керек. Олар  - сізге қажетті параметрлер бойынша желіден барлық билеттерді қарап, арзан билеттерді табуға көмектесетін арнайы іздеу жүйлері. Мұндай іздеу құралдарына  Aviasales, Skyscanner сынды жүйелерді жатқызуға болады.

Сіздің қалтаңыздағы қаражатқа қарай ұшуды жоспарлауға көмектесетін сайттардың бірі - Kiwi. Оның басқа іздеу жүйелерінен айырмашылығы сайт билеттерді Wizzair, Ryanair, EasyJet лоукост-компаниялары арқылы іздейді және саяхатшы барғысы келген жерге арзан жету үшін түрлі әуе компаниялардың рейстерін ұсынады.

2. Туроператорлардың парақшаларына және әуе билеттерін сатып алуға болатын сайттарға жазылу

Сайттардың және тураператорлардың парақшаларына жазылсаңыз, олар үнемі жеңілдіктер, акциялар туралы ақпараттарды жіберіп отырады. Мысалы кейде сіздің барғыңыз келген елге күтпеген жерден жеңілдік болуы мүмкін. Егер олардың парақшасына жазылып қойсаңыз арзан билеттерді сатып алуға мүмкіндік туады.

Сондай-ақ, туроператорлардың және әуе компаниялардың сайтына жазылған жағдайда чартерлерге билет сатып алуға болады. Себебі туроператор ұшақтағы орындарды көтерме бағамен сатып алғандықтан чартерлік рейстер арзан. Чартерлерге билеттер ұшу уақытына аз уақыт қалғанда сатылымға шығады. Сондықтан заттарыңызды жинап, дайын болыңыз.

3. Ауысып міну

Баратын жеріңізге тікелей бір ұшақпен емес, ауысып міну арқылы барған арзандау болады. Аялдамаларда қыдырудың өзі қызық. Оның үстіне бірден екі қаланы көре аласыз.

4. Басқа көрші қалалар арқылы ұшу

Көрші қалалар арқылы ұшуға болатын мүмкіндіктерді қарап көріңіз. Мысалы кейбірі үшін Ресей арқылы ұшу тиімді болуы мүмкін. Себебі оларда тасымалдаушылар саны көп, ал ұшу орнына пойыз немесе автобус арқылы жете аласыз.

5. Билетті алдын ала сатып алу

Егер алдын ала жоспарлауды жақсы көрсеңіз, сіз үнемдей білесіз деген сөз. Әуе билеттері демалыс уақыты басталғанда бірден қымбаттап кетеді, ал сіз билетті алдын ала көктем уақытында сатып алсаңыз бұл өте тиімді. Арзан баға ұшуға 50-60 күн қалғанда болады.

6. Демалыс маусымында саяхаттамау 

Бәріміз білетіндей, демалыс маусымы кезінде бәрі қымбаттайды. Сондықтан еңбек демалысын көктемде немесе күзге қарай алуға болатын мүмкіндікті қарастырыңыз. Бұл кезде Таиландта әлдеқайда жылы болады. Әрі баға д арзан.

7. Билеттерді апта ортасына және түнгі рейстерге сатып алу

Кешкі және түнгі рейстердің билеттері таңғы немесе күндізгіге қарағанда арзан әрі тиімді. Билетті түнгі уақытта брондап қойса да болады. Бұдан бөлек сейсенбі, сәрсенбі бейсенбі күндеріне сатып алынған билеттер арзан, ал ең қымбат билеттер демалыс және мереке күндері сатылады.

Похожие материалы