Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың екі айының қорытындысы бойынша әуе көлігі кәсіпорындарының табысы 49,7 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға артық. Мұндай деректер finprom.kz жариялады.
Көлік саласы бойынша әуе көлігінің үлесі 10,8% құрады, 2018 жылы әуе компаниялардың үлесі сәл төмен болды - 10,2%.
Әуе көлігі кәсіпорындары табысының негізгі көзі жолаушылар тасымалынан түскен. Олар 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 48,4 млрд теңгені (жылына+20,9%) немесе әуе компаниялардың барлық табыстарының 97,4%-ын құрады.
Сонымен қатар, жүк тасымалынан түскен табыс 1,3 млрд теңгеге өсті, бұл бір жыл бұрынғы кезеңнен 39,9%-ға артық.
Әуе тасымалдаушылардың табысы артқанымен, жолаушылар саны қысқарған. 2019 жылдың 2 айында әуе компаниялары 1 млн-ға жуық адамды тасымалдады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 6,3%-ға көп болған.
Ал әуе көлігінің жолаушылар айналымы 2,1 млрд пкм (жылына-2%) құрады.