Алматы. 5 қазан. 7kun.kz - Қазанның 3-де Ақмола елді мекенінде орналасқан 44813 әскери бөлімінде әскери қызметшілерге жаңадан қалпына келтірілген жатақхана кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа қалпына келтірілген екі қабатты кірпіш үй әскери бөлім аумағында орналасқан. Ғимарат 1982 жылы салынған, онда мерзімді қызмет сарбаздарының жатақжайы орналасқан.
Үйдің түрғын жатақхана ретінде толық қалпына келтірілуін жүргізген, жөндеу жұмыстары 3 бір бөлмелі және 35 екі бөлмелі пәтерде Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің күшімен жүргізілді. Пәтерлер ішінара жиһаздандырылған, шкафтар мен электр плиталары орнатылған.
«Тұрғын үй мәселесі әскери қызметшілердің ертеңгі күнге деген сенімділік кепілі. Жеке құрамның қызметте қайтарымы және талпынысы болады, тұрмыстық мәселелерге алаңдамай қойылған тапсырмаларды орындайды», – деп атап өтті ӘҚК бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі әскери ведомство басшылығының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үйді салу, сатып алу, сондай-ақ күрделі жөндеу есебінен жүзеге асырылады. Жатақхананы пайдалануға беру әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй мәселелерін шешудегі әскери ведомстваның кезекті қадамы болды.