ҚР Үкіметі пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы жоспарды қабылдады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының көшбасшысы, ҚР Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Менің берген тапсырмам бойынша, Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы жоспарды қабылдады", - деді ол Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVII съезінде.
Президенттің сөзінше, жоспар мемлекеттегі экономикалық дамудың түрлі сценарийін қарастырады.
"Жоспар шикізат пен біздің түрлі экспорттық тауарларымыздың бағасының өзгеруі сияқты жағдаяттарды болжай отырып жасалды. Қандай жағдай болса да осы жоспар арқылы жұмыс істейміз.", - деді Президент.
Фото: altaynews.kz