Ұлттық қордың қаржысы толығымен жұмсалып кетпейді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта Ұлттық қордың қаржысы бірнеше жылда жұмсалып кетеді деп уайымдаудың қажеті жоқ", - деді ол.
Ол Ұлттық қор активтері 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан шығуға көмектескенін атап өтті. "Егер біз Ұлттық қор қаржысын толығымен жұмсап жұмсап қойсақ, әсіресе қаражат теңгені қалпында сақтап қалуға жұмсалса, қаржы шынымен де таусылады. Мелекет басшысы халыққа жолдауында Ұлттық қор ақшасын жұмсауға тыйым салды. Бюджетте қандай жағдай болса, соған қарай әрекет етуіміз керек. Сондықтан дағдарысқа қарсы жоспар құрылды. Тек "Нұрлы жол" бағдарламасы ғана халықаралық қаржы орталықтарынан қаржы алу үшін Ұлттық қор тарапынан қаржыландырылады", - деді Бақытжан Сағынтаев. Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банктің Ұлттық инвестиция корпорациясының экс-төрағасы Берік Өтемұрат The Wall Street Journal-ға берген сұхбатында Берік Өтемұрат қор активтері 17%-ға қысқарғанын және қаржы 6-7 жылда таусылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Фото: forbes.kz