
Халықаралық валюта қорының төрайымы Кристин Лагард бесенбі күні жарияланған компанияның пресс-релизінде Украинаны несиелендіру бағдарламасы алғашқы мақұлдаудан өткендігі туралы хабарлады. Төрт жылдық мерзімге есептелінген қаржылай жәрдем мөлшері $40 млрд дейін кеңейтілуі мүмкін.
40 млрд доллардың 17,5 млрд долларын ХВҚ бөледі деп жоспарланып отыр, қалғаны халықаралық қауымдастықтың қосымша көздерінен алынады. Бұл шешімді әзірше ХВҚ басқармасы мақұлдаған жоқ - олардың жауабы келесі төтрт апта ішінде белгілі болады.