Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина аумағындағы ахуал ТМД, БҰҰ елдерінің экономикалық дамуын тежеуілдетті

Украина аумағындағы ахуал ТМД, БҰҰ елдерінің экономикалық дамуын тежеуілдетті
Украина аумағындағы үдеп келе жатқан ахуалдың ТМД елдерінің құрамындағы мемлекеттердің экономикалық дамуында кері әсерін тигізуде, бұл жөнінде БҰҰ-ның «Әлемдік экономикалық жағдай және келешек, 2015 жыл» баяндамасында айтылды. 2014 жылдағы аумақтағы экономикалық өсім геосаяси шиеленіске байланысты төмендеп кетті деп жазылған құжатта. ТМД мен Грузияда ЖІӨ өсімі 2013 жылы 2%-дан  өткен жылы 0,8%-ге дейін төмендеп кеткен. Сарапшылар алдағы уақытта 2015 жылы 1,1%-ға дейін, 2016 жылы 2,1%-ға өседі деген болжам жасауда. Ресейде 2014 жылы экономикалық жоғарылау тоқтап қалды, бірақ мемлекеттік қаржы қоры бүгінгі ахуалдан алып шығары сөзсіз, десе де тұрақсыздықтың сақталуы инвестиция көлемінде айқын көрініс табады. Сонымен бірге РФ-да жыл бойы жұмыссыздық көлемі азайып келеді. 2015 жылы мамандар ресейлік экономикада өсім болмайтындығын басып айтуда. Және бағалардың өсуіне беталыс пайда болуы ықтимал. Құжаттан сонымен қатар, Украинада әлсіз экономика өндірістің төмендеуімен бірге келе жатқандығы айтылған. ЖІӨ-нің жедел қысқаруы елдің шығыстағы ахуалына байланысты: өндірістік аумақтардың (Донецк және Луганский облыстары) экономикалық әрекеттері мен инвестиция көлеміне өз көлеңкесін түсірді. Өткен жылы инфляция Украинада 10%-дан да жоғары болды.  Экономикалық құлдырау мен қосымша шығындардың пайда болуы бюджеттің дефицитіне әкеліп соқты. Елде жұмыссыздықтың артуы күтілгендігін БҰҰ-ның сарапшылары атап өтті. Барлық өндіріс көлемінде аздаған өзгеріс 2015 жылы орын алуы мүмкін, егер Украинада ол кезде геосаяси шиеленістер азайып, елдің өндірісі тұрақтанса. Өсімнің төмен екпіні Белоруссияда да байқалады. Тіпті жақсы түсім мен экспорттың ұлғаюы орын алса да. Украинадағы дағдарыстың кері әсері Қазақстанның шаруашылық қызметіне де тиді. Мұнай өндіру көлемінің қысқаруына орай Әзірбайжанда экономикалық даму тежелді. Түркіменстандағы «Галкыныш» газ кен орнының игерілуі осы елдің ЖІӨ-нің өсуіне әкелді. Қазақстаннан өзге Орталық Азияның барлық елдерінде жұмыссыздық көлемі күрт өскен. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймақтың ішіндегі экономикалық байланыстардың күшеюіне әсер етуі тиіс екендігі құжатта анық айтылады. Десе де, сарапшылардың ойынша, аумақтың экономикалық келешегі геосаяси жағдайда өзгеруіне тәуелді болады.

Похожие материалы