
Украина аумағында 1,5 мыңға жуық қазақстандық жүк вагондары қалды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгінде Украина аумағында қазақстандық 1457-ге жуық жүк вагондары қалды. Оларды қайта бағыттау жұмыстары жалғасуда. Тиісті тараптармен келіссөздер жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазақстанның индустрия Министрлігінің жедел мәліметі бойынша, 11 наурызда Украинада жүрген қазақстандық 57 жүк көлігінің 49-ы шығарылды. Осылайша, қазіргі уақытта ел аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілері бар төрт қазақстандық жүк көлігі қалды.
Ведомствоның хабарлауынша, Ақтау және Құрық теңіз порттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.