АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинаның ЕуроОдақпен де, Кедендік Одақпен де экономикалық серіктестік орната алуы әбден мүмкін деп мәлімдеді.
Оның сөзінше, Киевтің Кедендік Одақпен жұмысын және Еуропалық Одақпен бірлестігін қарастыратын келісімдерге қол жеткізуге болады. Дж. Керридің атап өтуінше, "Украина Шығыс пен Батыс арасындағы көпір бола алады".
"Ол екі жақ арасындағы қолбала болмауы қажет", - деп атап өтті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.