Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина G7 елдерінің қаржы министрлерінен ресейлік газдың қаржысын төлеп беруін өтінді

Украина G7 елдерінің қаржы министрлерінен ресейлік газдың қаржысын төлеп беруін өтінді

Украиналық қаржы министрлігіні басшысы Наталья Яреско G7 елдерінің қаржы министрлеріне қысқы мерзімдегі ресейлік газды сатып алуға төлем жасауын өтінді. Бұл туралы келіссөздер барысымен таныс дереккөзге сілтеме жасап  ТАСС хабарлайды.

"Бірақ әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ", - деп түсіндірді агенттік дереккөзі. Сондай-ақ қаншы қаржы қажет екендігі де белгісіз. ТАСС-тың мәліметінше, Н.Яреськоның G7 елдерінің қаржы министрлерімен кездесуі Анкарада өтіп жатыр. Еске салайық, 4-5 қыркүйекте ол жерде "Үлкен жиырмалық" орталық банктері мен қаржы министрлерінің саммиті болған еді. Осыған дейін, 4 қыркүйекте ресейлік энергетика министрі Александар Новак Мәскеу 2015 жылдың төртінші тоқсанында Киевке төмендетілген газ беруге себеп болатын шарттарды мәлімдеген еді. Бұл үшін украиналық билік өтініш беруі керек. Министрдің атап өтуінше, жылыту маусымы басталғанға дейін Киевке жер асты газ қоймасына 4,5 млрд шаршыметр отын жеткізуі қажет.

Похожие материалы