Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина Израильді басып озып, АҚШ-тан ең үлкен әскери көмек алушы ел атанды

Украина Израильді басып озып, АҚШ-тан ең үлкен әскери көмек алушы ел атанды

Украина. 18 мамыр. 7kun.kz – The Washington Post мәліметінше, АҚШ 2014-2021 жылдар аралығында Киевке 2,7 миллиард долларға жуық әскери көмек жіберген. Ресейдің арнайы операциясы басталғалы бері бұл көмектің көлемі 3,8 миллиард долларды құрады. Басылыс қарастырылып отырған 40,1 миллиард долларлық жаңа пакетте қорғаныс үшін шамамен 20 миллиард доллар бар дейді, деп хабарлайды 7kun.kz «РИА Новости-ге» сілтеме жасап.

Басылым бұл көрсеткіштерді АҚШ-та 1 қазаннан басталатын 2020 қаржы жылында алынған мәліметтермен салыстырады. Сол жылы әлемдегі ең үлкен американдық әскери көмек алушы Израиль болды, оған Америка 3,3 миллиард доллар берді, екінші орында Египет 1,3 миллиард доллар, ал үшінші орында Иордания 0,51 миллиард доллар көмек алды.

Бұған дейін Politico басылымы Батыс пен Киевтің мүдделері бірдей емес, ал Батыс елдерінің Украинаны толықтай қолдайтыны туралы риторикасы оған «жалған үміт» беруі мүмкін және ел үшін ауыр зардаптарға толы деп мәлімдеме жасаған болатын.

Қақтығыстың шиеленісуі Украинаның мүддесіне қызмет етеді, ал Ресейден сақтанған НАТО елдері оған заңды түрде қарсылық көрсетуде. Нәтижесінде Батыста іс пен сөз арасында сәйкессіздік пайда болды. Авторлар атап өткендей, мүдделердің толық сәйкестігі туралы мәлімдемелер «украиндықтардың толық жеңіс туралы армандарын» және олардың шектен тыс үміттерін тудыруы мүмкін.

24 ақпанда басталған Ресейдің арнайы операциясы аясында, Вашингтон мен НАТО одақтастары Украинаға қару-жарақ жіберуді жалғастыруда. Сәуірдің соңында Джо Байден Киевті қолдау үшін Конгресстен 33 миллиард доллар сұрады, бірақ заң шығарушы орган кейін бұл соманы 40 миллиард долларға дейін өсірді. Сондай-ақ күні кеше АҚШ президенті Украина билігіне әскери көмек көрсетуді жеңілдететін жалға беру туралы заңға қол қойды.

Мәскеу батыстың қару-жарақ жеткізуі тек қақтығысты ұзартатынын, ал қаруды тасымалдау заңды нысанаға айналғанын бірнеше рет мәлімдеді.

Похожие материалы