Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина Ұлттық банкі валюта сатып алуға несие беруге тыйым салды

Украина Ұлттық банкі валюта сатып алуға несие беруге тыйым салды

Украина Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерге валюта сатып алу үшін гривналық несие беруге тыйым салды. Шектеу 24 ақпаннан бастап күшіне енеді. Бұл туралы УҰБ басшысы Валерия Гонтарева мәлімдеді деп хабарлайды lenta.ru.

"Біз тұтынушыларды валюта сатып алу үшін несиелендіруді тоқтаттық. Яғни банктерге өз клиенттеріне гривна сатып алу үшін қаражат беруге тыйым салынады", - деді ол. Бұдан бөлек УҰБ 500 мың доллардан асатын валюталық төлемдер жасауға тыйым салды. Үлкен көлемдегі қаржымен операция жасау үшін шетелдік банктен келісім берілуі керек.

Дәл қазір Украинадағы доллар курсы өсе түсуде, яғни, бір доллар бағамы 32 гривнаға жеткен. (1 гривна - 6,67 теңге).

Осыған дейін Ұлттық банк айырбастау пунктерінде доллар мен еуро құнына шектеу қойған еді. Ол негізгі курстан 5 пайыз артық болмауы керек. Осыдан кейін валюталық операциялар "қара базарға" ауысып, доллар бағамы 30 гривнаға дейін өскен.

Ал 2014 жылдың желтоқсанында Ұлттық банк басшысы Валерия Гонтареваның мәлімдегендей, гривна құнсыздануы ресей рубілінің девальвацияға ұшырауына байланысты. Өткен жыл ішінде доллардың украиндық гриванаға шаққандағы бағамы 75 пайызға қымбаттаған. Ел үкіметінің бағыты бойынша, 2015 жылы доллар курсы 21,7 гривна деңгейінде деп белгіленеді.

Похожие материалы