Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанға келеді
06 октября, 2015
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина перзиденті Петр Порошенко 9 қазан күні кездеседі деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Жоспарға сәйкес, мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықпен қоса, екі елдің қарым-қатысына қатысты басты мәселелерді талқылайды.
Кездесу кезінде көмір өндірісіндегі басымдылыққа ие бағыттардың іс әрекеті, көлік логистикасы сферасы, агроөндіріс кешені және басқада өндірістер туралы сөз болады.
Бұдан бөлек, Н. Назарбаев пен П. Порошенко халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер туралы, оның ішінде Минск келісімінің жүзеге асуы жайында пікір алмасады.