Қазірдің өзінде ІТ-әскер 600-ден астам ресейлік интернет-ресурстарға шабуыл жасады, деп хабарлайды 7kun.kz ақпарат агенттігі mc.today сілтеме жасап.
Украинаның Цифрлық трансформация министрлігі жаумен кибер майданда күресу үшін Украина мен әлемнің басқа елдерінің IT мамандарын біріктірген IT-әскерін құрды. Ресей агрессиясының басталуынан бастап IT-әскер 660 ресейлік ресурстарға шабуыл жасады. Бұл туралы елдің Цифрлық трансформация министрлігі хабарлады.
"Ресейлік БАҚ, көптеген мемлекеттік сайттар және жаудың бизнесін қолдайтын онлайн қызметтер бұғатталды. Сондай-ақ, біз әртүрлі сандық арналар арқылы агрессор елдің тұрғындарына Украинада болып жатқан қатыгез шындықты таратып жатырмыз", – деп хабарлады Украина министрлігінде.
Күн сайын IT-әскер Ресейдің келесі салаларына шабуыл жасайды:
▪️ мемлекеттік мекемелердің ресурстары;
▪️ ірі корпорациялар;
▪️ байланыс операторлары;
▪️ банктер;
▪️ несие серіктестіктері;
▪️ электрондық цифрлық қолтаңба қызметтері;