Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина ТМД елдеріне ауыл шаруашылық өнімінің экспортын қысқартты

Украина ТМД елдеріне ауыл шаруашылық өнімінің экспортын қысқартты

2014 жылдың ішінде ТМД елдеріне болған украиндық ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 31,1%-ға қысқарды деп жазылған Украинаның Аграрлық саясат және азық-түлік министрлігінің материалында.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы ТМД елдеріне $2,5 млрд соммасына агроөнім жеткізілген.

Осы уақыт ішінде Азия елдеріне жасалынған экспорт 9,9%, $6,6 млрд дейін өскен, Еуропа Одағына жасалынған экспорт - 6,4%-ға, $4,8 млрд дейін, Африка экспорты - 0,5%-ға, $2,5 млрд дейін өсті.

Министрлік деректеріне сәйкес, ауыл шаруашылық кешені өнімінің жалпы экспорты 2014 жылы $17 млрд қамтыған, 2013 жылы бұл көрсеткіш $17,3 млрд болған. Сыртқы сауданың оң сальдосы $10,6 млрд қамтыды (2013 жылы - $8,8 млрд).

Похожие материалы