Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинада 140 ресейлік жанармай құю станциясы жергілікті компанияға беріледі

Украинада 140 ресейлік жанармай құю станциясы жергілікті компанияға беріледі

Украина. 30 мамыр. 7kun.kz – Украинаның «Нафтогаз» КЕАҚ басшысының кеңесшісі Алексей Рябчиннің айтуынша, ресейлік меншік иелеріне тиесілі 140-қа жуық жанар-жағармай құю станциялары мемлекеттік компаниялардың меншігіне берілуде, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Қазір ресейлік активтерден іріктелген шамамен 130-140 жанармай құю станциясы «Нафтогазға» берілуде", – деді Рябчин.

Ол ресейлік компанияның қай жанар-жағармай құю бекеттеріне қатысты сөз болып отырғанын нақтыламады. Бірақ оның айтуынша, сот процесі біраз уақыт алып, бұл мәселе жазда түпкілікті шешіледі.

Рябчин Зеленский "Нафтогазға" нарықтағы жосықсыз бәсекелестікке байланысты жанармай құю станцияларының мемлекеттік желісін құру туралы тапсырмасын түсіндірді. Оның айтуынша, отын нарығының қазіргі операторлары Беларуссия мен Ресейден импорт мүмкін болмай, Украинаның жеке мұнай өңдеу өнеркәсібі жойылған соң жанар-жағармайдың логистикасы мәселесін шеше алмады.

Похожие материалы