Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинада криптовалюта ресми түрде заңдастырылды

Украинада криптовалюта ресми түрде заңдастырылды

Зеленский Украинада криптовалютаны заңдастыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Құжат виртуалды активтерге меншік құқығын береді.

Украина президентінің заңға қол қойғанын елдің Цифрлық трансформация министрлігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, криптовалюта заңды мәртебе мен классификация алады. Сондай-ақ заң виртуалды активтер саласында қаржылық мониторинг шараларын енгізуді көздейді және мұндай қызметтерді жеткізушілердің тізбесі мен оларды тіркеу шарттарын айқындайды.

Нарықты Ұлттық банк пен бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі Ұлттық комиссия реттейтін болады. Олар криптовалюта айналымының тәртібін анықтап, виртуалды активтерді жеткізушілерге рұқсат береді.

Украина министрлігі бұл шешімді "криптосекторды көлеңкеден шығарудың тағы бір қадамы" деп атады. Жоғарғы Рада құжатты 17 ақпанда қабылдады.

Ресейде билік өкілдері қаңтардан бері елдегі криптовалютаның тағдыры туралы дауласуда. Орталық банк криптовалюталармен жасалатын операцияларға толық тыйым салуды талап етсе, Ресей Қаржы министрлігі керісінше заңдастыру шектеулерден гөрі көп пайда әкеледі деп есептейді.

Похожие материалы