Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинадағы президент сайлауы: Зеленский көш басында

Украинадағы президент сайлауы: Зеленский көш басында

Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz - Украинадағы президент  сайлауының бірінші турында ең көп дауысты Владимир Зеленский жинады, ал екінші орында Петро Порошенко.

«Демократиялық  бастамалар» қоры ұйымдастырған «Ұлттық экзитполдың» қорытындысына сәйкес, бірінші орынды Владимир Зеленский алды, оған сайлаушылардың 30,6%-ы дауыс берген.

Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенкоға сайлаушылардың 17,8% дауыс берді. 14,2% дауысты «Батьковщины» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко алды.

Бұл нәтиже екінші кезеңге Владимир Зеленский мен Петр Порошенко шығатынын көрсетеді.

«112 Украина» телеарнасының экзитполы да осындай нәтижені қайталады. Оған сәйкес Зеленский 30,7%, Порошенко 18,6% және Тимошенконың 13,9% дауыс жинады.

Ал ОСК деректеріне сәйкес Зеленскийді — 28,51%, Тимошенконы -18,03%, Порошенконы — 16,94% сайлаушы таңдаған.

Украинадағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңіндегі шиеленіс соңғы уақытқа дейін сақталды. Әлеуметтік сауалнамалардың мәліметтері бойынша, соңғы сәтке дейін сайлаушылардың 20%-ы нақты шешім қабылдай алмағған. Зеленский сауалнамалардың көпшілігінде бірінші орынға ие болды. Алайда, екінші нөмірлі кандидаттың (Тимошенко әлде Порошенко) кім болатыны барлығын қызықтырды.

Айта кетейік, экзитполдарды ұйымдастырушылар нәтижелері әлі нақты еместігін хабарлайды. Оларды өңдеу жалғасуда, бірақ соңғы нәтижелерді шығаруға жақын екендігін атап өтті.

Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі 21 сәуірде өтуі керек.

Украинаның жаңа сайланған президенті 2019 жылғы 3 маусымнан кешікпей қызметке кіріседі.

Похожие материалы