Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинаға гуманитарлық көмекті Нұр-Сұлтандағы арнайы штабқа тапсыруға болады

Украинаға гуманитарлық көмекті Нұр-Сұлтандағы арнайы штабқа тапсыруға болады

Құрметті оқырмандар!

Қазір әлемде орын алған геоясаяси жағдайды ескере отырып, Украинаға біздің көмегіміз қажет. Дәл осы сәтте Украинада 100-ден астам елді мекен тұрғындары азап шегуде. Сол себепті олар үшін әрбір гуманитарлық демеу өте маңызды. Украин тұрғындарына Сіз де көмектесе аласыз, өз үлесіңізді қосуға асығыңыз!

Аса қажет заттар тізімі:

  • азық-түлік және ұзақ мерзімді бакалея (жарма, консервілер, жаңғақтар, кептірілген жеміс, печенье, сәбилерге арналған қоспа);
  • балалар тағамы;
  • жеке гигиенаға арналған барлық тауарлар (майлықтар, памперстер, балалар сеппесі, нәресте мен әйел гигиенасы, дәретхана қағазы және т.б.);
  • шаруашылық тауарлары (power bank, ыдыс-аяқ, емізік, төсеніш, төсек қап, қалта шамдар, көрпелер, жамылғы, төсек-орын);
  • алғашқы көмек пен дәрі-дәрмек;
  • үй жануарына арналған тағам, мал дәрігерлік препараттар.

Сорттау ыңғайлы болу үшін тауарларды жеке-жеке әр санатқа байланысты жинап әкелген жөн.

Украинаға гуманитарлық қолдау көрсету штабы ҚР-дағы Украина елшігінде — Нұр-Сұлтан қ., Жылыой, 12 мекенжайы бойынша орналасқан. Гуманитарлық көмекті жұмыс күндері 10:00-ден 20:00-ге дейін және демалыс күндері 11:00-ден 16:00-ге дейін әкеле аласыз. Алдын-ала қоңырау шалудың қажеті жоқ.

Похожие материалы