Украина. 21 сәуір. 7kun.kz – Украинға Ресей әскері басып кіргелі бері елден қашқан украиналық босқындардың саны 5 миллионнан асты. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы хабарлады.
Украиналық босқындардың көбі Польшаға қоныс аударуда. Осы уақытқа дейін бұл елге 2,8 миллионнан астам украиналық пана іздеп келген.
«Шекараны кесіп өтіп жатқан босқындар саны күн сайын артып келеді. Польшада босқындарды қабылдаудың арнайы орталықтары бар, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар», - деді БҰҰ өкілі Шабиа Манту.
Euronews хабарлауынша, арнайы орталықтарда жағдай жасалмаған. Бірақ босқындардың басқа барар жері жоқ.