Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинаның алтын валюталық қоры 5,6 млрд долларға дейін қысқартылды

Украинаның алтын валюталық қоры 5,6 млрд долларға дейін қысқартылды

Украинаның халықаралық қоры ақпан айында 12,4%-ға қысқартылып, 5,625 млрд долларды құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің сайтында хабарланған.

Аталған көрсеткіш 2003 жылдың ең төменгі деңгейіне дейін төмендеген. Өткен жылдың соңында Украинаның халықаралық резерві 7,533 млрд доллар көлемінде деп бағаланған еді.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 1 наурызда шетелдік валютадағы қор 4,698 млрд долларды, Халықаралық валюталық қордың резервтік позициясы 0,03 млн долларды, арнайы иелену құқығы 3,94 млн долларды, алтын 922,47 млн долларды құрады.

Украинаның Мемлекеттік статистикалық қызметінің мәліметінше, 2014 жылдың4 тоқсанында ЖІӨ 15,2 пайызға, 3 тоқсанда 5,3 пайызға құлдыраған.

 

Похожие материалы