Экономика
Украинаның Қазақстандағы елшісі Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін кешірім сұрады
Нұр-Сұлтан. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Өздеріңіз білесіздер, біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне наразылығымызды білдірдік. Ол кешірім сұрады. Айтуынша, «өз үйінде соғыс болып жатқаны үшін мұны эмоциямен айтып қалған», – деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров
Ресми мәлімет бойынша қазір Украина елшісі еңбек демалысында.
Айта кетейік, Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында «орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады» деп айтқан болатын.