Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады
Алматы. 28 қараша. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1%-дық дәлізбен 10,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.  Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылдық инфляцияның деңгейі қазанда жеделдеді, алайда нысаналы дәліз шеңберінде қалып, Ұлттық банктің болжамдық мәндеріне сәйкес келді. Сыртқы сектор тарапынан инфляциялық тәуекелдер сақталды. Сонымен қатар, ақша-кредит шарттарының бейтараптылығын сақтау қажеттілігі бар. Қазанда инфляциялық процестердің жылдық көрсетуде 7,7 пайызға дейін (қыркүйектің қорытындысы бойынша 7,1 пайыз) жеделдеуі байқалды, алайда жылдық инфляция 2017 жылға арналған 6-8 пайыз нысаналы дәлізге сәйкес келуін жалғастырып жатыр. Инфляция серпіні көп дәрежеде қысқа мерзімді факторлардың әрекетіне – ұсыныстың уақытша қысқаруы нәтижесінде энергия тасымалдауыштардың (бензин, дизель отыны, көмір) және азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің, негізінен көкөністердің (бағалардың маусымдық өсуі) қымбаттауына негізделді. Сыртқы тауар нарықтарындағы жағдай салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталады. Сыртқы азық-түлік бағалармен қатар, сауда әріптес елдердегі экономиканың өсу қарқындары және инфляция қазақстандық экспортқа сұранысқа және инфляцияға ықпал ету тұрғысынан оңтайлы болды. 2017 жылғы маусымнан бастап мұнай бағасының серпінінде өсу үрдісі байқалып жатыр. Алайда, орта мерзімді перспективада болашақ кезеңдерге қатысты белгісіздікті арттыратын оның құбылмалылық тәуекелдері туындауы мүмкін. Экономикадағы іскерлік белсенділік қалпына келуі жалғасып жатыр. Қазақстандағы жиынтық ұсынысты сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы 10 айда 5,4 пайызға өсті, алайда оның өсуі экономика салалары бойынша тең емес. Базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешім ақша-кредиттік шарттардың бейтараптылығын сақтау және нақты пайыздық мөлшерлемені 4 пайыздан жоғары емес деңгейде ұстап тұру керек екенін көрсетеді. Бұл экономикалық өсудің ұзақ мерзімді әлеуетті қарқындарына сәйкес келеді.  

Похожие материалы