Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк алтын қорын ұлғайтып жатыр

Ұлттық банк алтын қорын ұлғайтып жатыр
2015 жылдың желтоқсан айында әлемдегі барлық орталық банктер қорларын алтынмен толықтырды. Қазақстан соңғы үш жылда алтын резервтерін белсенді ұлғайтуда, деп хабарлайды LS. Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World ресми алтын Holdings) айтуынша, 2015 жылдың желтоқсанында Ұлттық банктегі алтынның қоры 218,7 тоннаға жеткен. Алтынның қоры бойынша Қазақстан 100 елдің ішінде 23 орында тұр. Ал 2015 жылдың қаңтар айында алтынның активтері 191,8 тоннаны құраған еді. Ал бұл көрсеткішті 2014 жылғы алтынның қорымен салыстырсақ, Ұлттық банк алтын қорын 16%-ға өсіргені көрінеді. 2015 жылдың желтоқсанын айындағы қорытынды бойынша Ресей 7-орынды иеленді. Оның алтын активтерінің көлемі 1392,2 тоннаны құрады. Сондай-ақ, Қытайдың резервтері 1743,3 тонна болды. алтвн

Дереккөз:WGC

Фото:bullionstreet.com

Похожие материалы