Қазіргі кезде Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетқы қорының қаржысын пайдаланудың механизмін қарастырып жатыр. Яғни БЖЗҚ-ның 200 млрд теңгесі жақын арада банктер арқылы инвестицияланады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Reuters-ке берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзінше, БЖЗҚ қаржысын банктер арқылы инвестициялау пайыздық мөлшерлемені субсидиялау туралы мемлекеттік бағдарламаға байланысты болады.
Reuters агенттігі осы жылдың ақпанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке БЖЗҚ қаржысын сақтау үшін шетелге 500 млрд теңгені инвестицциялауға және 600 млрд теңгені жергілікті банктер мен компаниялардың "шарттылық" облигацияларына салу туралы тапсырма бергенін атап өтті.
"Шарттылық бойынша қаржы орта және шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталады", - деді Данияр Ақышев.
Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2013 жылы жеке қордағы барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға топтастырылып, Ұлттық банктің басқаруына өткен болатын. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинағының жалпы сомасы 5,83 трлн теңгені құрады.