Экономика
Авто
Ұлттық банк доллар курсына қатысты максималды деңгей қоюды жоспарламайды
ҚР Ұлттық банкінің долларға қатысты қандай-да бір максималды деңгей қоюды жоспарламайды. Бұл туралы Kapital.kz-ке берген сұхбатында банктың қаржылық тұрақтылық және қауіп бойынша департаментінің директоры Сәбит Хакімжанов мәлімдеді.
"Біз курсты емес, валюта нарығындағы ақша тасқынының келуіне ықпал ететін себептерді назарға аламыз. Қазір нарықта Ұлттық банктың жұтып қоюы тиісті бірнеш ақша ағындары бар", -деді Сәбит Хакімжанов.
Ал Fitch Ratings-тің Қазақстан бойынша Х жыл сайынғы конференциясындағы модератордың Ұлттық банктың депозиттерді долларсыздандыру туралы жоспары бар ма деген сұраққа Сәбит Хакімжанов "қазір бұл сұрақ бойынша нақты жауабы жоқ" екендігін атап өтті. "Жауаптың болуы да қажет емес. Біз теңге және доллар депозиттерінде нақты бір мақсатты ұстанбауымыз тиіс. Шұғыл өзгерістер болмас үшін бізге табыс бойынша балансты қамтамасыз етіп отыру маңыздырақ. Бір жағынан алғанда банктердің валюталы тәуекелдерін басқара алатындай мүмкіндіктері болуы керек. Біз барынша курс саясатында және пайыздық мөлшерлемелер саясатында "тосын сыйлар" болдырмауға тырысамыз", -деп түсіндірді сарапшы.
Айта кетейік, Қазақстандық қор биржасындағы күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар курсы 332,81 теңгені құрады.