Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк кәсіпорындардың валюта сатып алуын бақылауға алады

Ұлттық банк кәсіпорындардың валюта сатып алуын бақылауға алады

Ұлттық банк валюта айналымы көлемін анықтау мақсатында экспорттық операцияларға бақылау жасайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Маңызды мәселелердің бірі валюта нарығындағы ұсыныс пен сұранысты теңестіру. Төлем балансына қатысты бағалар қателіктер мен валюталық операциялардың кем есептелуіне әкеп соғуда. Сондықтан бізде Қазақстанға экспорт бойынша валюта айналымының көлемі қандай болатыны және шетелдік банктерде қанша қаржы қалатындығын нақты біліп отыруымыз керек", - деді Д. Ақышев.

Ұлттық банк басшысы аталған мәселені жүзеге асыру үшін кәсіпорындардың валютаны сатып алуы  және сыртқы экономикалық операциялар бойынша мониторинг жасау керектігін атап өтті. Осыған байланысты реттеуші қажетті шараларды қабылдауға дайын.

Сондай-ақ, ол нарықтағы қолма-қол шетел валюталарына қатысты жағдайды қалыпты деп бағалады. Оның айтуынша, алдағы уақытта теңгемен салынған депозиттер көлемі артад. Бұл банктердегі кредиттеу кезіндегі теңге өтімділігін қамтамасыз етеді.

Фото: vlast.kz

Похожие материалы