Экономика
Авто
Ұлттық банк наурызда 1,236 млрд доллар сатып алды
Қазақстанның Ұлттық банкі наурыз айында 1,236 млрд доллар сатып алды деп хабарлады реттеуіштің төрағасы Данияр Ақышев Reuters-ке берген сұхбатында.
"2016 жылдың наурызында Ұлттық банк ішкі валюта нарығында интервенция жүргізіп, 1,236 млрд доллар көлемінде шетелдік валюта сатып алды. Бұл жалпы сауда көлемінің 42 пайызын құрайды",-деді Д.Ақышев.
Ақпан айында Ұлттық банк нарықтан 474 млн доллар яғни 3 есе аз сатып алған. Ақышевтың сөзінше, наурызда ішкі валюта нарығында айтарлықтай дисбаланс байқалды. Бұған шетелдік валюта ұсынысының сұраныстан тым жоғары болуы себеп болған.
Ұлттық банктың алтын-валюталы резервтері наурыз айында 28,5 млрд долларға дейін өскен. Ұлттық қордың активтері 1,2% немесе 64,3 млрд долларға ұлғайды. Наурыздың соңында елдің жалпы халықаралық резерві 92,8 млрд долларды құрады.
Осыған дейін қарашада Д.Ақышев Ұлттық банк валюта саудасына қатысуын қысқартады деп мәлімдеген еді.