Ұлттық банк қараша айында валюта нарығындағы саудада 940 млн доллар сатып алған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев КТК арнасындағы "Портрет недели" бағдарламасында мәлімдеді.
"Шыны керек біз теңге курсы күрт нығайып кетпес үшін шетел валютасын сатып алдық. 5-30 қараша аралығында 940 млн доллар сатып алынды. Біз теңгенің әлсіреуіне емес, нығайып кетуіне кедергі жасадық", - деді Д. Ақышев.
Оның айтуынша, желтоқсан айындағы теңгенің әлсіреуі тікелей мұнай бағасының құлдырауымен байланысты.
"Желтоқсан айының басында мұнай бағасы 18%-ды құрап, барреліне 44 доллардан 36 долларға дейін төмендеді. Сондай-ақ, нарықта бағаның 40 долларға дейін түсуі тепе-тең курсты қажет етті", - деді ол.
Фото: nur.kz