Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық экономика министрлігі "Нұрлы жол" қаржысын игеруге үлгермейді

Ұлттық экономика министрлігі "Нұрлы жол" қаржысын игеруге үлгермейді

Алматы. 6 маусым, 7kun.kz - Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру үшін бөлінетін Ұлттық бюджет қаржысын игеріп үлгермейді. Бұл туралы үкімет отырысы кезінде ведомства басшысы Қуандық Бешімбаев хабарлады. 

"Бәйтерек" қоры мен "Самұрық-Қазына" тұрғын үй қорының несиелік және жалдамалы пәтерінің құрылысына бөлінетін қаржы 2 жыл ішінде кезең-кезеңімен игерілуі қажет. Бірақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша, ақша толығымен игерілмеуі мүмкін. "Байтерек Девелопмент" АҚ желісі бойынша несиелі және жалдамалы үй салу үшін бөлінетін 113 млрд теңгенің тек 88 млрд теңгесі пайдаланылады", -деп түсіндірді Қ.Бешімбаев.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов ведомствоға Ұлттық қордың игерілмеген қаржыларын қайта бөлу туралы ұсыныс дайындауды тапсырды.

"Қайта қарап, ұсыныс енгізіп, бір апта ішінде нақтылануы қажет. Келесі отырыста қайда және қанша бөлінетіні туралы шешім қабылдаймыз", - деген тапсырма берді министрлер кабинетінің басшысы.

Қуандық Бешімбаевтың атап өтуінше, ұлттық экономика министрлігі "Нұрлы жолдың" басқа бағдарламаларына бөлінген қаржыны толығымен игере алмайды. Оның айтуынша, 2016 жылдағы игерілмеген қаржыны қайта бөлу туралы ұсыныстар үкіметтің селекторлы отырысынан кейін таныстырылады.

Похожие материалы