Біртанов Есжан Амантайұлы 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап басқарманың өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін "Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ (ҚҰБ ҰИК) басқармасының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ведомоствоның баспасөз қызметі.
"Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ (ҚҰБ ҰИК) жалғыз акционерінің 2016 жылдың 8 қаңтарындағы № 38 шешімімен басқарма төрағасы Өтемұрат Берік Мұстайұлының өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, KASE басқармасының төрағасы Біртанов Есжан Амантайұлының өкілеттілігі өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Есжан Біртанов өз қызметін 1998 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің бас дилері лауазымынан бастаған. Департамент құрамында бірқатар қызметтерді атқарып, 2005 жылы осы департаменттің директорының орынбасары болып тағайындалып, Ұлттық Банктің алтын валюталық активтері және, 2012 жылы 85 млрд АҚШ долларын құраған, ҚР Ұлттық қорының активтерінің инвестициялық басқаруына жетекшілік етті.
Есжан Амантайұлының тікелей қатысуымен, 2012 жылы ҚҰБ ҰИК құрылған. ҚР Президентінің келісімімен, корпорацияның басқармасының бірінші төрағасы болып тағайындалып, 2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін еңбек етті. 2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Е.А. Біртанов ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі және жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
Фото: ria.ru