Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық пантеонның бірінші кезеңдегі құрылысына 2,3 млрд теңге жұмсалады

Ұлттық пантеонның бірінші кезеңдегі құрылысына 2,3 млрд теңге жұмсалады

Ұлттық пантеонының сметалық жоба құжаттамалары дайындалып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Техника-экономикалық негіздеме бойынша, пантеонның бастапқы кезеңдегі құрылысына 2,3 млрд теңге көлеміндегі қаржы жұмсалады деп болжануда. Аталған қаржыға Қабанбай батыр кесенесіне капиталды жөндеу жұмыстары жүргізіледі және құлпытастар орнату жұмыстары қолға алынады. Құрылыс аумағы - 5 гектар.

Жобаның бірінші кезеңін іске асыру алдағы бірнеше жылда пантеонның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал қалған жұмыстар кезең кезеңімен жүргізіліп отырады.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелік құны 79 миллиард теңге құрайтыны туралы ақпарат тараған болатын.

Похожие материалы