Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Владимир Жұмақанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Владимир Жұмақанов  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  Владимир Жұмақанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.  Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Н.Назарбаев басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасын таныстырды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Ол - кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін», - деді Мемлекет басшысы. Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов  бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ол 1955 жылы 7 қарашада РКФСР-дың Свердлов облысы Гарин ауданының Дулково ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1977); Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Қызыл Тулы мектебін (1989) бітірген. 1977 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері. 1982 жылдан - қауіпсіздік органдарында - ҚР ҰҚК Департаментінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары, ҚР ҰҚК төрағасының кеңесшісі. 2001 жылдан - ҚР ҰҚК Лаңкестікке қарсы күрес департаментінің бастығы. 2010 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. II дәрежелі «Айбын» (2004), II дәрежелі «Даңқ» (2008) ордендерімен; 8 медальмен марапатталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты (04.05.2012).  

Похожие материалы