Экономика
Медиа
Ұлттық қауіпсіздік сертификатының енгізілуі интернеттегі ақпарат құпиялылығына әсер етпейді

Ұлттық қауіпсіздік сертификатының енгізілуі қазақстандық интернет қолданушылардың мәліметтерінің құпиялылығына әсер етпейді. Бұл туралы Инвестиция және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Жаңа талап https-трафик қызметін ұсынатын контент өндірушілерге қатысты. Қазір осыған қатысты сұрақтар бойынша заң актілері талқыланып жатыр. Дайын бола сала жариялаймыз. Бұл әркімде автоматты режимде болатын электронды-санды кілт. Егер азамат орнатқысы келмесе, оған құқығы бар. Интернетке қолжетімділік бойынша ешқандай кедергі болмайды», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр "Байланыс туралы" заңның өзгеруіне байланысты Қазақстанның шет аймақтарына берілетін шифрланған трафиктердің реттеліп отыратындығын атап өтті.
«Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ұсынушылар мен қолданушылар арасында таратылмайды. Мен қолданушылар арасында болатын сұрақтарды бақылап отырамын. Әріптестер уайымдамаса болады. Құпия ақпараттар барынша сақталады. Ол ҚР Конституциясымен және басқа да заңдармен қорғалған», - деді вице-министр.
Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік сертификаты енгізіледі. Интернет байланыс операторлары трафиктерді қауіпсіздік сертификатын пайдаланатын трафиктерді қолданысқа жіберуге міндетті болады. Алайда қазақстандық интернет қолданушылар аталған сертификат ақпарат құпиялылығына зиянын тигізуі мүмкін деп есептейді.
Фото: www.vsluh.ru