Экономика
Ұлттық төлем жүйесін құру Ұлттық банк жоспарында жоқ
Астана. 1 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банк жоспарында ұлттық төлем жүйесін жасау жобасы қарастырылмаған. Бұл туралы Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді деп жазады Kapital.kz.
«Сіздер қазір заң жобасында Қазақстан банктерінің арасында карталық транзакцияны өңдейтін банкаралық жүйе жасауда Ұлттық банктің құқықтары қарастырылғанын білесіздер. Бұл дұрыс бағыт. Ұлттық банктің нарықта болуы орынды, бірақ ұлттық төлем туралы әлі жоспарлап отырған жоқпыз. Әзірге Ұлттық банк нарықта болуы үшін техникалық мәселелерді шешіп жатырмыз», - деді Данияр Ақышев.
Сонымен қатар, төраға «қауіпсіздік мақсаты мен қаржы қызметтерінде тұтынушылардың құқын қорғауға, төлем жүйесі мен банкаралық қызметтердің тұрақтылығын сақтауға жауапты болу үшін Ұлттық банк мемлекеттік орган ретінде нарықта болуы тиіс», – деді.