Экономика
Авто
Ұлттық валютаға қатысты доллар курсы 337 теңге
2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 337,43 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 337 теңгені құрады. Максималды курс — 337,81 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 337,70 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 26 млн 200 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 83.
19 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 337,14 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллардың 20 сәуірдегі максималды курсы 338 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.