Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк: Шетел валютасындағы депозиттер үлесі төмендеп келеді

Ұлттық банк: Шетел валютасындағы депозиттер үлесі төмендеп келеді

Астана. 25 мамыр. 7kun.kz – Соңғы 4 ай ішінде қаржы нарығын долларсыздандыру бойынша тұрақты үрдіс қалыптасып отыр. Бұл жөнінде Астана экономикалық форумының жұмысы барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Ол бұл үрдістің банк жүйесіндегі шетел валютасындағы депозиттер үлесінің төмендеуінен байқалады деп түсіндірді. «Долларландырудың ең жоғары деңгейі бойынша қаңтардан бастап сәуірдің соңына дейін шетел валютасындағы депозиттердің жалпы көлемі 70%-дан 60%-ға дейін, оның ішінде жеке тұлғалардікі 80%-дан 71,7%-ға дейін, заңды тұлғалардікі 62%-дан 52,5%-ға дейін төмендеді», - деді реттеуші.

оның айтуы бойынша, 2016 жылғы сәуірдің соңында депозиттердің жалпы көлемі жыл басынан бері 2,3%-ға ұлғайып, 16,3 трлн теңгені құрады. Бұл ретте, теңгедегі депозиттердің өсімі 31% болды, шетел валютасында 10,5%-ға төмендеу орын алды.

«Болашақта біз теңгедегі салымдардың өсу үрдісінің жалғасуын күтеміз, бұл экономиканы теңгеде кредиттеуді кеңейту үшін алғышарттар құратын болады», - деп қорытындылады қаржы реттеушісінің басшысы.

Похожие материалы