Выбор редактора
Үміт Шаяхметова "Атамекен" ҰКП Президиумының құрамына кірді
Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова "Атамекен" ҰКП президиумының құрамына кірді. Бұл туралы ұйым таратқан хабарламада жазылған.
"Астанада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III Съезді өтті. Нәтижесінде басқарма төрағасы мен мүшелерінің өкілеттілігі 2 жылға яғни 2018 жылдың 25 маусымына дейін ұзартылды. 2016 жылы ассоциациялардың (одақтар) аккредитация жүргізілуіне байланысты ҰКП Президиум комитетінің жаңа құрамы және олардың төрағалары бекітілді. Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова ҰКП-ның қаржы секторы комитетінің төрағасы деп тағайындалып, "Атамекен" Президиумының құрамына кірді", -деп жазылған хабарламада.
Атап өтейік, Комитет бизнес-қоғамдастықтың Ұлттық палатаның қаржы секторындағы мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік билік органдарымен тиімді байланысу үшін құрылған.
Комитетке келесі мәселелер бойынша Ұлттық палата позицияларын анықтау және сараптама жасау тапсырылған:
- Қаржы секторын дамыту сферасында мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық қадам жасау
- ҚР-ның қаржы секторындағы сұрақтар бойынша заң жобаларын нақтылау
- Қаржы секторындағы заңды және ұйымдық шешімді талап ететін басымдылыққа ие проблемаларды анықтау
- Қаржы секторын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын іске асыру және талқылау
- Халықаралық ұйымдармен және компаниялармен серіктестікті арттыру