Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нөмірді сақтай отырып байланыс операторын қалай ауыстыру қажет?

Нөмірді сақтай отырып байланыс операторын қалай ауыстыру қажет?

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Альберт Рау ұялы байланыс жүйесіндегі абонент нөмірін ауыстыру және абонент нөмірін ауыстыру үшін қызмет енгізу мерзімінің ережесі туралы үкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет ресурсінде жарияланған бұйрықта абонент нөмірінің бір ұялы байланыс операторынан екіші операторға ауысу процедурасы және абонент нөмірлері туралы мәліметтер жинақталған орталық базадағы байланыс операторларының өзара серіктесуі туралы толығырақ жазылған. Бірақ қарапайым қолданушыға тек физикалық тұлғаға қатысты екі пункт қатысты. Олар абонент нөмірін ауыстыру ережесі және ауыстыру тәртібі. Есте сақтау керек: 1. Абонент нөмірін өзгерту туралы өтінімнің қаралу нәтижесі бойынша, өтініш берушіге номерінің ауысатындығы туралы SMS жіберіледі. Ал абонент нөмірін өзгертуден бас тартса, бас тарту себептері көрсетілген SMS келуі қажет. 2. Абоненттің байланыс операторына өтініш және келісім шарты жеке мәліметтер және оларды қорғау саласындағы заң бойынша жазбаша келісімге теңестірледі. 3. Абоненттің тіркелу картасының құны байланыс операторының тарифтеріне байланысты анықталады. 4. Байланыс операторлары мен абонент арасындағы қызмет көрсету туралы келісім инвестиция және даму министрлігінің өткен жылдың 24 ақпанындағы "Байланыс қызметін ұсыну ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 5. Абоненттің есебінде жұмсалмаған қаржы болса, абонент нөмірін ауыстыру кезінде олар абоненттің өтініміне сай қайтарылады.

Похожие материалы