Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Универсиада-2017-нің жаңа басшысы тағайындалды

Универсиада-2017-нің жаңа басшысы тағайындалды

«Нұр Отан» ХДП саяси менеджмент мектебінің бұрынғы директоры Әсет Әбдуәлиев енді Универсиада-2017-нің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсет Әбдуәлиев 1984 жылы 8 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бакалавр деңгейін аяқтаған. Ұлыбританядағы University of Dundee-де Chevening шәкірақылық бағдарламасымен магистр құқығын алды. Сондай-ақ, жылдық студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Winthrop University-ден білім алмасты. Еңбек жолын 2002 жылы бастады. Әр жылдары "Халықаралық бағдарламалар орталғының" вице-президенті, "Болашақ" бағдарламасының әкімшісі болып, ҚР Президентінің әкімшілігінде және халықаралық компанияларда жұмыс атқарды.

Похожие материалы