Астана. 17 қаңтар. 7kun.kz - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысында Универсиада-2017 жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетінн айтты.
"Жазғы және қысқы Бүкіләлемдік Универсиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына сыйақы беру туралы Үкімет шешімі қатысушыларды жақсы өнер көрсетуге ынталандырады. Универиадада бірінші орынға — 4,9 миллион теңге, екінші орынға — 3,3 миллион теңге, үшінші орынға — 1,6 миллион теңге беріледі", - деді Мұхамедиұлы.
Министр аталған соманы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жаттықтырушыларына да беру қарастырылғанын атап өтті.
Айта кетейік, 28-ші Бүкіл әлемдік Қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Универсиада бағдарламасына спорттың 12 түрі енген. Жарысқа шамамен екі мыңға жуық спортшы қатысады.