Экономика
IT, Технология
Уолл-стриттегі банк пен компанияларға арналған әлеуметтік желі шығарылды
Сейсенбі күні Symphony компаниясы Уолл-стриттегі қаржы компанияларына арналған жаңа әлеуметтік желіні ресми түрде іске қосты. Ол бүкіл әлем бойынша трейдерлердің жұмыс орындарындағы Thomson Reuters және Bloomberg терминалдардың орнына жұмыс жасайтын, ең арзан әрі қолайлы желі болмақ. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.
Қызмет көрсету құны айына 15$-ды құрайды, Вloomberg-те 1850$ болатын. Symphony банк пен басқарушы компаниялардың қолданушыларына сәйкес шамамен 30 мыңға жуық сынақ нұсқасын шығарды.
Компания бұл жобаға McGraw Hill Financial, Dow Jones және Selerity сынды танымал компаниялардың ат салысып отырғандығын хабарлады. McGraw-Hill желіде S&P Capital IQ қажы инструментін пайдалануға мүмкіндік берсе, Dow Jones жаңалықпен қамтамасыз етеді. Ал Selerity әлеуметтік желіден баға белгіленімінің өзгерісіне әсер әтетін жаңалықтарды іздеу жағынан маманданған.
"Бұл Уолл-стриттің өмірік табыс көзі болатын желілердің артериясы",-деді Dow Jones-тың инновация жөніндегі бас директор Эдвард Руссель Symphony туралы.
Symphony әлемнің ірі банктері мен қаржы компанияларының ақшалай қолдауымен құрылды. Олар: Goldman Sachs, Bank of America Merril Lynch, Deutsche Bank, Credit Suisse, Citigroup, Bank of New York Mellon, BlackRock, Citadel, HSBC, Jefferies, JPMorgan, Maverick Capital, Morgan Stanley және Wells Fargo.