Экономика
ҰҚК: Террористер Ақтөбедегі түзеу және әкімшілік ғимараттарына шабуылдамақ болған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5 маусымда Ақтөбедегі теракт ұйымдастырушыларға кінәлі деген 27 адамды бейтараптандырды деп мәлімдеді. 18 адамның көзі жойылып, 9 адам тұтқындалды. Қару-жараққа ие болғаннан кейін топ түзеу мекемелері мен мемлекеттік органдардың ғимаратына шабуыл жасамақ болған деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ҰҚК атап өткендей, құқық қорғау органдары террористер ұрлады деген 23 бірлік қару анықтаған. Террористік қылмыстарға байланысты 25 қылмыстық іс ортақ өндіріске біріктірілді.
ҰҚК-ның ведомствоаралық тергеу оперативті тобы, ІІМ және Бас прокуратура терроризм актісіне қатысты барлық жағдайды анықтауды жалғастырып жатыр. Тұтқындалғандар түсініктеме береді.
"Алдын-ала мәлімет бойынша, террористер қару-жараққа ие болғаннан кейін Ақтөбе қаласындағы түзеу мекемелері мен мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасамақ болған", -деп жазылған баспасөз қызметінде.
ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Ақтөбедегі террористік қауіпті "қызыл" деңгейден "сары" деңгейге түсірді. Құқық қорғау органдары антитеррорлық операцияның аяқталуы туралы еш мәлімдеме жасаған жоқ.