Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Уран бағасы төмендеп жатыр

Уран бағасы төмендеп жатыр

Уранның споттық бағалары төртінші апта қатарынан төмендеп жатыр. Өткен жетілікте төмендеу 1,5 пайыз құрады.

Ux Consulting Co (UxC) консалтингтік компаниясының хабарлауынша, тікелей жеткізілетін уран тотығының концентраты (табиғи уранды өңдеу кезіндегі аралық өнім) 27 сәуірдің қорытындысы бойынша бір фунт үшін 38,25 доллар деп бағаланды. 20 сәуір күні бұл көрсеткіш 38,85 доллар шамасында тіркелген еді.

Уранның негізгі көлемі ашық нарықта ядролы отын тұтынушылары мен өндіруші компаниялар арасындағы ұзақмерзімді келісім-шарттар негізінде сатылымға шығарылады. Қатысушыларының қатарында қаржы инвесторлары бар споттық нарықта шикізаттың аздаған бөлігі 12 айлық мерзім ішінде саудаланады. Баға белгіленімі UxC және TradeTech-те жарияланады.

Похожие материалы