Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

В.Путин: ЕАЭО аясында 100 астам құжат қабылданады

В.Путин: ЕАЭО аясында 100 астам құжат қабылданады

Ағымдағы жылы ЕАЭО аясында 100 астам құжатқа қол қойылады. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан, Ресей және Беларусь лидерлерінің кездесуі барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин хабарлады.

"Ағымдағы жылы 100 астам маңызды құжатты қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде жаңа кедендік кодекс, электр энергиясының, газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы, қаржылық-валюталық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы қарым-қатынасты реттейтін халықаралық шарттар", - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар В.Путин Белоруссиямен бірге Қазақстаның ТМД-да төрағалық ету аясында елімізге барынша көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

"Берілген проблеманы шешуде Нұрсұлтан Әбішұлы мен Александр Лукашенконың белсенді көмегін айта кеткім келеді. Минскіде 12 ақпан күні қол жеткізілген келісімнің арқасында қарулы шиеленісті бірте-бірте деэксалациялау мүмкіндігі пайда болды, Киевтегі билік Минскіде қол жеткізген уағдаластықтарды толығымен орындайды деп есептеймін", - деді ол.

Сонымен қатар, РФ басшысының айтуынша, президенттер монетарлық саясатты үйлестіруді одан әрі жалғастыруға келісім берді. "Келешекте валюталық одақты қалыптастыру мүмкіндігі туралы сөйлесетін кез келді деп ойлаймыз. Бірігіп әрекет жасау арқылы сыртқы экономикалық қаржылық қауіптерге төтеп беру, біздің ортақ нарығымызды қорғау жеңілдей түседі. Әрине, біз бастамашылары Ресей, Белоруссия, Қазақстан болған еуразиялық интеграцияның даму процестерін назарымыздан тыс қалдырмадық", - деп қорытындылады В.Путин.

Похожие материалы