Экономика
В.Путин: Валюталардың құбылуына тойтарыс беруге болады
ЕАЭО елдерінің орталық банктері үйлесімді жұмыс атқарған жағдайда валюта бағамының құбылуына қарсы белсендірек әрекет ете алады деп есептейді РФ президенті Владимир Путин.
"Монетарлық саясат аясында тығыз байланыс орнату мүмкіндігін қарастуруды ұсынамыз. Үйлесімді жұмыс жасаған жағдайда елдеріміздің Орталық банктері валюталар бағамының кенет құбылуларынан болатын кері ықпалға тиімдірек қарсы тұра алар еді деп сенемін", - деп мәлімдеді В.Путин Мәскеуде өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
РФ президентінің айтуынша, бұл келешектің мәселесі. "Біз бұл келешектің мәселесі екенін түсінеміз, ешкім мезгілден бұрын әрекет еткелі жатқан жоқ. Өзара әрекеттестіктің белгілі бір деңгейіне қол жеткеннен соң монетарлық саясат саласындағы үйлесімді әрекеттер ең алдымен экономикалық саладағы интеграциялық процестерге негізделуі тиіс", - деді В.Путин.
Сондай-ақ ол бұл мәселелерді қазірден бастап талқыға салу қажеттігін айтты.